Оқиғалар таңдауын жасау

Оқиғалар таңдауын жасау үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде Бақылау және есеп беруОқиғаларды таңдау бөліміне өтіңіз.
  2. Қосу түймесін басыңыз.
  3. Ашылған Жаңа оқиғаны таңдау терезесінде жаңа оқиғалар таңдауы параметрлерін көрсетіңіз. Параметрлерді осы терезенің бірнеше бөлімдерінде көрсетуге болады.
  4. Өзгерістерді сақтау үшін Сақтау түймесін басыңыз.

    Растау терезесі ашылады.

  5. Оқиғаларды таңдаудың нәтижелерін қарау үшін Таңдау нәтижесіне өту жалаушасын қойыңыз.
  6. Оқиғалар таңдауын жасауды растау үшін Сақтау түймесін басыңыз.

Таңдау нәтижесіне өту жалаушасы қойылған болса, оқиғалар таңдауы нәтижесі экранда көрсетіледі. Әйтпесе, жаңа оқиғалар таңдауы оқиғалар таңдауы тізімінде пайда болады.

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Мониторинг және есептер

Басына оралу